23 маусымда дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсету Ұлттық Олимпиадалық комитетінің дәстүріне айналды. Халықаралық Олимпиада күнінде туылған балақайлар арнайы сертификат пен естелік сыйлықтар, құттықтау хатына ие болады.

Бір жарым мыңға жуық сәлемдеме алдын ала оралып, 237 перзентханаға жіберілді. Олар ірі қалалардан бастап, кіші ауылдарға дейін жеткізіледі. 

Денсаулық сақтау министрлігі бұл акцияға белсенді қатысып, оны Ұлттық Олимпиадалық комитетімен бірге өткізді. Перинаталдық орталықтардың дәрігерлерінің арқасында танымал қазақстандық спортшылар аналарды маңызды күнмен құттықтады. Атап айтқанда, дзюдошы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов, жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев аналарды видеоқоңыраумен құттықтады. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласында жас аналар, Олимпиада ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері Гузель Манюрова мен Лондон Олимпиадасының жүлдегері Марина Вольнова перзентханаларға сыйлықтарды жеткізді. 

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті бүкіл маусым айын «Біз біргеміз» халықаралық олимпиадалық қозғалысының жаңа ұранымен қазақстандықтардың қозғалыстан ләззат алуы, олимпиадалық қағидаларды зерттеуі және әр түрлі спорт түрлерімен танысуы үшін олимпиадалық құндылықтарға арнады. 

Олимпиадалық қозғалыстың басты міндеттерінің бірі - жас ұрпақты спортқа және салауатты өмір салтына баулу. Сондықтан балалар - бұл мерекенің басты және негізгі кейіпкерлері.